Жаңа ғасырдағы жыл қайыру

Ұлу жылы ұлы болсын,
Жылан жылы жылы болсын.
Жылқы жылы жал-жая көп   болсын,
Қой жылында қарын тоқ   болсын!
Мешін жылы мейман келсін,
Тауық жылы төрін берсін!
Ит жылында игілік болып,
Доңыз жылы өңін берсін!
Тышқан жылы тағам толсын,
Сиыр жылында сабан толсын!
Барыс жылы бақыт әкеп,
Қоян жылы құтқа толсын!
Он екі жыл зулап өтіп,
Мүшел жылың құтты болсын!
Асылзада ҚҰБАЕВА.
Жәнібек ауданы,
Күйгенкөл ауылы.

ПІКІР ЖАЗУ