Әкем — қорғаным, анам — бағбаным, бауырларым — ардағым

— деп жалғасатын республикалық бәйге тақырыптың өзі айтып тұрғандай, отбасы құндылықтарына арналды. Редакция қоржынына келіп түскен хаттар арасында «Мерейлі отбасы» байқауына қатысқан жанұялардың балалары да бар. Соның бірі — Алматы қаласы Алатау ауданы «Алгорифм» физика-математикалық лицейінің оқушысы Кеңесбеков Нұржан отбасы жайлы жан-жақты жазған.
Балалар мен жасөспірімдер арасында өтетін кез келген шығарма байқауы, білім сайысы, спорт жарыстары бала үшін де, ата-ана үшін де шынайы мереке. Баға жетпес мақтаныш, кеуде тола қуаныш. Міне, марапаттауға келген оқырмандардан осындай шырайлы шуақты көрдік. Шәкірттерінің жетістігіне бірге қуанып, ұстаздар, ұл-қызын қолдаған ата-ана марапатқа өздері ие болғандай көңіл-күйде редакциямыздың құтты қонағы болды.
Жеңімпаздарымызды құттықтап, өз қолдарымен сыйлықтарын тапсыру үшін қазылар алқасы да арнайы келіп, қатысты. Қазылар алқасының төрағасы, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Ильхам» сыйлығының иегері — Дәулетбек Байтұрсынұлы, ақын, журналист, республикалық «Айқын» газеті бас редакторының бірінші орынбасары Серікбол Хасан, «Қазақстан» телеарнасының журналисі Керім Аянқызы, «Қазақстан-Zaman» ЖШС Бас директоры Серкан Хастүрк балаларға ақ тілектері мен батасын арнап, марапаттады.

Бас бәйге иегері Мырзахмет Алтынай мен ақын Дәулетбек Байтұрсынұлы

 

І орын: Сәметбек Сана, Тенельбаева Дина, Кеңесбеков Нұржан, Бердіқожа Шыңғысхан, Алтаева Жұлдыз және ақын Серікбол Хасан

 

ІІ орын: Бірімтай Дінмұхамет, Нұрғазы Нұрсұлтан, Маулен Сабина, Оқасова Айжан, Рахметулла Мадина, Берікхан Еркежан, Әбдібай Айдана және Серкан Хастүрк

ІІІ орын: Рамазан Мағжан, Болат Мейіржан, Оралбек Еркежан, Бердіқожа Жұлдыз, Бердімұрат Томирис, Балғын Жұмашова мен журналист Керім Аянқызы

Дарынды оқушы дайындаған ұстаздар қауымы

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *