Жалғыз тілек

Ұмытпайық, ағайындар, тілімізді,
Ойланайық, ертеңгі күнімізді.
Өзге тілге қызықпалық ешқашан,
Аялайық Тіл атты гүлімізді.
Тіл – біздің мұқалмайтын мұратымыз,
Тіл – біздің сарқылмайтын қуатымыз.
Ағайын, осыны анық ұғыңдаршы,
Тіл – біздің ұлттық белгі, құжатымыз.
Бағдат ДӘУЛЕТБАЙҰЛЫ,
«Дарын» мектебі. Алматы қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *