4-сыныпқа арналған тест: Қазақ тілі

1. «Дұшпан» сөзімен мәндес сөзді көрсетіңіз.
A)    Қас
B)     Дос
C)     Жақын
D)    Жолдас

2. Айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөзді көрсетіңіз.
A)    Ғарышкер
B)     Парктен
C)     Орынбасар
D)    Доп

3. Үш қосымшасы бар сөзді көрсетіңіз.
A)    Тышқанды
B)     Текемет
C)     Жылқыларымыз
D)    Аналарымызға

4. Жай сөйлемді жайылма сөйлемге айналдырған мүшені көрсетіңіз.
Күн суытты. Күн ерте суытты.
A)    Анықтауыш
B)     Пысықтауыш
C)     Толықтауыш
D)    Бастауыш

5. Сөйлемде екі не одан да көп сөздің бір сөз табынан болып, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаруы қандай мүше деп аталады?
A)    Бірыңғай мүше
B)     Тұрлаулы мүше
C)     Қыстырма сөз
D)    Айқындауыш мүше

6.

Түйем шықты өріске,

…………………… маймаңдап.

Қойым шықты қапталдап,

…………………… салды ойнақ.

(Жамбыл Жабае

 

Өлең шумағындағы көп нүктелердің орнына сәйкес сөздерді қойыңыз.

A)    Қошақандары, ешкілерім
B)     Боталары, қозыларым
C)     Аяқтары, текелермен
D)    Шөп жеймін деп, шопандармен

7. Сөз тіркесі бола алмайтын нұсқаны көрсетіңіз.
A)    Бірнеше кісі
B)     Аппақ қар
C)     Қалың киім
D)    Жып-жылы

8. Үш ұяң бір үнді дауыссыз қатысқан сөзді көрсетіңіз.
A)    Жағымды
B)     Сағынды
C)     Табылды
D)    Алынды

9. Құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
A)    Қараша – күздің соңғы айы.
B)     Қара суық күшейді.
C)     Қарға шөлдеп, су іздеді.
D)    Дәптер, қарындаш, қалам – оқу құралдары.

10. Айтқан сөздеріне қарап, қай бала іс-әрекетті барлық адамдар үшін емес, тек өзі үшін жасап жатқанын табыңыз.

A)

 

Ауа таза болу үшін, ағаш егемін, оны баптап күтемін.

 

 

B)

 

Жолдан аман-есен өту үшін, қарт кісілерге демеуші боламын.

C)

 

Қаламыз ластанбау үшін, тұрмыстық қалдықты қоқыс жәшігіне саламын.

D)

 

Гимнастикадан атақты чемпион болу үшін, секіріп жаттығамын.

 

11. Бастауыш пен баяндауыш қандай мүше екенін көрсетіңіз.
A)    Айқындауыш мүше
B)     Тұрлаусыз мүшелер
C)     Тұрлаулы мүшелер
D)    Бірыңғай мүше

12. Күрделі мүшені көрсетіңіз.
A)    Әлемдеалуан-алуан құстар бар.
B)     Олар суға батпайды.
C)     Қатты жақсы ма, тәтті жақсы ма?
D)    Ардагердің әңгімесі ұнады.

13. Мәтіннің түріне жататын нұсқаны көрсетіңіз.
A)    Сөйлесу мәтіні
B)     Пайымдау мәтіні
C)     Ертегі мәтіні
D)    Сұрақ мәтіні

14.

Мен еккелі отырған гүлдің аты буын үндестігіне бағынбайды.

Баян апайдың еккелі отырған гүлін табыңыз.

 

A)

 

Нәркес

 

 

B)

 

Қызғалдақ

C)

 

Раушан

D)

 

Қашқаргүл

15. Қайтті? Не істеді? сұрақтарына жауап беретін сөз табын анықтаңыз.
A)    Сан есім
B)     Сын есім
C)     Етістік
D)    Зат есім

16. Туынды сөзді көрсетіңіз.
A)    Шыдам
B)     Қаланың
C)     Ұзын
D)    Жаса

17. Буын үндестігіне бағынбайтын сөзді белгілеңіз.
A)    Бүгін
B)     Ендігәрі
C)     Жүрегімен
D)    Жаздыгүні

Мәтінді оқып,18,19,20-сұрақтарға жауап беріңіз.

Таған көгершіндердің даяр тамақта, жылы орында тұрғанын көрді де, жүнін ақ бояумен бояп, соларға келіп қосылды. Түнде ол өзінің қай жерде екенін ұмытып, өзінше айғай салды. Көгершіндер тағанның бөтен құс екенін біліп, қуып жіберді. Түсі өзгерген тағанды өз жолдастары да танымай, орталарына қоспады.
 
 
18. Тағанныңқылығын қалай атауға болады, көрсетіңіз.
A)    Сөз тасушылық
B)     Аяушылық
C)     Еріншектік
D)    Сатқындық

19. Мәтін қандай сөйлемдерден құрылғанын көрсетіңіз.
A)    Құрмалассөйлемдерден
B)     Жай сөйлемдерден
C)     Бірыңғай мүшелі сөйлемдерден
D)    Тек қана туынды зат есімдерден

 
20. Мәтіннің негізгі ойына жатпайтын нұсқаны көрсетіңіз.
A)    Дайын асқа жүгірме.
B)     Сырт келбетіңді әдемілеп өзгерт.
C)     Қулықтың түбі жақсылыққа апармайды.
D)    Еңбексіз істің қайыры болмайды.

ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ

Жауаптары: 1a, 2c, 3d, 4b, 5a, 6b, 7d, 8a, 9c, 10d, 11c, 12a, 13b, 14d, 15c, 16a, 17d, 18c, 19a, 20b

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *