Бәйге! Бәйге! Бәйге! Туған ел — қыдырың, Тәуелсіздік — тұғырың!

Туған ел — қыдырың, Тәуелсіздік — тұғырың!
Қадірлі оқырман!

Тақырыбы айтып тұрғандай, биылғы дәстүрлі бәйгеміз Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналады. Яғни, бүгінгі Қазақстан Республикасы аталатын мемлекетіміз – ХV ғасырда өмірге келген Қазақ хандығының тарихи жалғасы. Кешегі Алаш зиялыларының өз өмірін арнаған асыл армандарының орындалғандығының көрінісі. Біздің төл тарихымызда жас ұрпақтың санасында мақтаныш сезімін туғызатын өнегелі істерден алатын тағылымы орасан.
Шығарма, өлең түрінде жазылады. Айтайын деген ойын қылқаламмен өрнектеуіне де болады.

Бәйгеге бастауыш сыныптан бастап, 11-сынып оқушысы да қатыса алады. Бәйгеге қатысатын оқырмандарымыз Тәуелсіздік жайлы толғана отырып, өзінің шығармашылығын шыңдайды. Тарих қойнауында жатқан қаншама маңызды деректерден хабардар болады.
Жазған дүниелеріңді «Бәйгеге» деген белгі соғып, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері арқылы да, электронды поштамен де жібере аласыңдар. Алматы қаласы мектептеріндегі оқырмандарымыздың мүмкіндігі болса, редакцияға әкелулеріңе болады.
Иә, олай болса, сәттіліктер тілей отыра, хаттарыңды күтеміз.

Бәйге жеңімпаздарына арналған сыйлықтар:

Бас бәйге – нетбук;
I орын – 2 электронды кітап;
II орын – 3 планшет;
III орын – 4 үтік.
«Ынталандыру» аталымына 60 сыйлық  тағайындалды.

 

Бәйгенің шарттары:

1. Шығарманың көлемі 4-5 беттен аспауы қажет. Тәуелсіздікке өлең арнаған оқырмандарымыз тақырып аясында еркін жаза береді.
2. Шығарма журналға 2017 жылға, яғни 12 айға жазылғандығын көрсететін түбіртектің көшірмесімен қоса жолданады.
3. Бәйге 2016 жылдың қыркүек айында басталып, 2017 жылдың ақпан айында аяқталады.
Бәйгеге келіп түскен шығармаларды сараптайтын алқа құрылды.
Ұйымдастыру алқасы.

БАСПАСӨЗ — 2017

Алматы қаласы бойынша жазылу:
1 айға — 210 теңге 63 тиын,
3 айға — 631 теңге 89 тиын,
6 айға — 1263 теңге 75 тиын,
12 айға — 2527 теңге 56 тиын.

Ауыл/аудан бойынша жазылу:
1 айға — 214 теңге 93 тиын,
3 айға — 644 теңге 79 тиын,
6 айға — 1289 теңге 58 тиын,
12 айға — 2579 теңге 16 тиын.

Индекс
75937

«Мөлдір бұлақ» журналына «Қазпочтаның» қала, аудан, ауылдағы бөлімшелері арқылы жазылуға болады.

ПІКІР ЖАЗУ