Мұғалім — мәртебелі мамандық

МОМЫНҚЫЗЫ Жаннат,
көп балалы ана
Мұғалім —
мәртебелі мамандық

Менің ұл-қыздарымның барлығы бір мектепте білім алды. Ұстаздары берген білімді жақсы меңгеріп, қалаған мамандықтары бойынша жоғары оқу орнын аяқтады. Қазір әрқайсысы өз орнын тауып, еңбек етуде. Енді немерелерім — оқушы. Қариялар дастарханда бас қоса қалғанда, ең алдымен бір-бірімізден сұрайтынымыз:
— Немереңнің сабағы қалай? — деп басталады. Пікірталасымыз мектеп пен мұғалімге байланысты қыза түседі. Ата-аналардың көпшілігі жаңа заман мектебінде жаңа технологиялар бойынша білім беретін мұғалімге көңілі толмайды. Мамандықтардың ішіндегі ең мәртебелісі — бала оқыту, тәрбиелеу. Мен бірқатар мұғалімді танимын. Мені көрсе, олар алдымнан қиып өтпей, сәлемдеседі. Кейде үйдегі немерелерге сөз ұқтыра алмай әлек болып қаламын. Бір сыныптағы 25-30 баланың мінез-құлқын ұғып, сабақ үйреткенше 45 минут аздық етеді. Бұл уақыт бір пәнге ғана беріледі.
Барша мұғалімді Ұстаздар күнімен құттықтаймын. Олардың әр дәрісі мерекеде гүл шоғын алып тұрғандай тамаша көңіл күйде өтуіне тілектеспін.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *