Көп тіл білсең, мәртебең де артады

БЕЙСЕБАЕВА Шакура,
ҚР Білім беру ісінің үздігі
Көп тіл білсең, мәртебең де артады

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан—2050 стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында жастарға білім беруді жетілдіруге айрықша көңіл бөлінген. Елбасы: «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай-ақ, балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы аса маңызды» — деп атап көрсеткен болатын.
Бүгінде, табиғатты қорғауға арналған «Жасыл ел» бағдарламасы негізінде әсіресе солтүстік аймақтарды көгалдандыруға айрықша көңіл бөлініп келеді. Қоршаған ортаны сақтау адамзаттың алға қарай дамуының маңызды факторы. Үш тұғырлы тілдің де болашағы орасан. Көп тіл білген сайын пайым-парасатың артады, білімің тереңдей түседі. Білімді адам қашанда алда жүреді. Біздің бастаған ісімізді алға қарай дамытатын ұл-қыздарымыз аман болсын.

ПІКІР ЖАЗУ