Ғайбат

«Тіл —  дәм сезетін, үн шығаратын, сөйлейтін адамның ауыз қуысындағы негізгі мүшесі. Тіл — өзгелермен қатынас жасайтын, пікір алысып, өзара түсінісетін құрал. Тіл — адам үшін маңызды мүше, айрықша қабілет.»

«Адам аузынан шығатын сөздерді әуелі іштей таразылап алуы керек. Тіл деген аманатқа жіті қарап, дұрыс сөйлеп, балағат, жалған, ғайбат, өсек, сөз тасу секілді жаман істерден тілімізді мейлінше сақтайық. Ойнап сөйлесек те, ойлап сөйлейік.»

«Адам көп сөз сөйлеумен емес, айтқан сөздерінің орынды әрі пайдалы болуымен өзінің қадірін арттырып, беделін өсіреді. Керісінше барлық жерде көсіліп, орынсыз сөйлей беретін адам өзі білмейтін тақырыптағы нәрселерді айтқан сайын қателіктерге ұрынып әрі өзінің қадірін түсіреді.»

«Тіл кейде үлкен қиындықтар тудыруы мүмкін. Кейде жылылығымен жыланды інінен шығарса, кейде уын шашып, жазылмас жара салады. Айтылған сөз — атылған оқ. Ешқашан да оны кері қайтара алмайсың. Не нәрсені болсын бұзу оңай, ал жөндеу қиын. Бір дос табуға бір жыл жетпеуі мүмкін, ал досты жоғалтуға бір сағат та жетеді. Сол себепті тілді жаңа достар табуға, ескі достармен қарым-қатынасты одан әрі жалғастыруға қолдануымыз керек, олардың көңілін қалдыратын сөздерден аулақ болғанымыз жөн.»

«Қазақ халқының ұғымында «ғайбат» деп біреудің сыртынан жамандауды айтқан. Түсіндірме сөздіктерде «ғайбат» сөзіне өсек-аяң, жалған сөз деген анықтама берілген.»

«Тіл — тиімді пайдалануға қажет қабілет. Қалтамыздағы ақшаны орынсыз шашпай, жоспарлы түрде қалай қолдансақ, сөзді де үнемді қолданып, орынды сөйлеуіміз керек. Көп сөйлейтін мылжың адамдар сөзін де, уақытын да ысырап етеді.»

«Ата-бабаларымыз тілдің адам көңіліне қалдыратын әсерін «Таяқ еттен, сөз сүйектен өтер», «Тілмен түйгенді тіспен шеше алмас» деп өте шешен тілмен жеткізген. Тіл жарасы басқа жаралар секілді жазылып кете салмайды, ол кейде өмір бойы жазылмауы да мүмкін.»

Үзінділер «Ғайбат»
кітабынан алынды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *