Ескелді би:затын ұл биікте жүреді

Ескелді би Жылгелдіұлы 1692-1770 жылдар аралығында өмір сүрген әйгілі би. Ол Балпық бимен, Қабылиса жыраумен, қол бастаған Орақ батырмен бірге жоңғар басқыншыларына қарсы жойқын жорықтар жасап, елінен, жерінен айырылған халықтың басын құрауға үлес қосқан тарихи тұлға. Ескелді жастайынан зерек, ақылды болып өскен екен. Халық елге «ес келді» деп ырымдап, Ескелді бидің ғибратты сөздеріне терең мән берген. 

қылды елден елді оздырады,
Ақылсыз өзін-өзі тоздырады.

Екі жақсы бас қосса,
Бірін-бірі қия алмас.
Екі жаман бас қосса,
Кең қонысқа сия алмас.

Жеріне лайық елі туады,
Еліне лайық ері туады.

Кәріп пен кесірге шырақ бол,
Жетім мен жесірге бұлақ бол.

Етектен кескен жең болмайды,
Есептескен ел болмайды.

Жылқыда да жылқы бар,
Қазанаты бір бөлек.
Жігітте де жігіт бар,
Азаматы бір бөлек.
Ақында да ақын бар,
Сөз саптасы найзадай.
Батырда да батыр бар,
Жарқылдаған найзағай.

Көңіл — гүл,
Тіл — бұлбұл.
Сезім — сері,
Нәпсі — бөрі.
Сабыр — алтын,
Ақыл — білгір.

Батыр туар ел үшін,
Жақсы туар көп үшін.

Бөлінгенді бөрі жейді,
Жарылғанды жау алады.

Қатарынан озатын ұл биікте жүреді,
Ез атанып тозатын ұл иықта жүреді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *