Мақтанышымыз — Дияс

Сембай Дияс Нұрболатұлы 2004 жылы 16 ақпанда Ақтасты ауылында дүниеге келген. Қазір Ақтасты орта мектебінде 6- сыныпта оқиды. 4- сыныптан бастап бокспен шұғылданып келеді.
Жаттықтырушысы — № 3 Кеген орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Айдар Нарынбаев. 2016 жылы 5-7 ақпанда Текес ауылында Еңбек ардагері Малдыбаев Қырғызбайды еске алуға арналған бокстан жасөспірімдер арасындағы Райымбек ауданының ашық біріншілігінде 34 кг салмақ дәрежесінде І орынды жеңіп алып, алтын медальмен марапатталды. Аудандық, облыстық жарыстар мен біріншіліктерде топ жарып жүрген Диастың болашағынан үлкен үміт күтеміз.
Айгүл МАҚАНБАЕВА, мектеп кітапханашысы,
Алматы облысы, Райымбек ауданы.

ПІКІР ЖАЗУ