Еңбекқор қыз

Бұл бір қарағанда кәдімгі кішкентай ғана нәзік қыз. Бірақ оның осындай кішкентай бойында жігерлілік, шыдамдылық, шапшаңдық, икемділік, ептілік, иілгіштік қабілеттерінің бәрі жоғары деңгейде. Алғашқы жаттығуға келгеннен бастап Сания Акимжан еңбекқорлығымен жаттықтырушының үздік оқушысына айналады. Бір жылдың ішінде ауылдық, облыстық, тіпті республикалық жарыстардан жүлделі орындар алып, беліне «Көк белбеу» тақты. Басқа клубтың жаттықтырушылары мен таэквандошылары Санияның жеңістеріне сүйсініп, «автомат» деп атап кетті. Санияның ендігі асуы шетелдерде Көк байрағымызды желбірету. Санияның бұл арманына біз де үлкен үмітпен қараймыз.
Ермұрат МАПАЕВ,
О. Жандосов атындағы мектептің
дене шынықтыру пәні мұғалімі.
Алматы облысы, Қарасай ауданы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *