Қымбатты «Мөлдір бұлақ» журналының жас оқырмандары!

Сіздерді көктем мезгілінің айрықша мерекесі 8-наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
8-наурыз мерекесінің орны ерекше, себебі ана — бұл әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашары, қамқоршысы, отбасының алтын діңгегі. «Жұмақтың кілті — ананың табанының астында», — дейді дана халқымыз. Сондықтан да жарық дүниеге әкелген, мәпелеп өсірген ана алдында бәріміз басымызды иіп, тағзым етуді парызымыз деп ұғамыз.
Сонымен қатар, сіздерді Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Наурыз — бұл ежелгі дәстүр бойынша Жаңа жылдың басталуы ғана емес, бұл жер — дүние жаңаратын ғажайып көктем мерекесі, ізгілік пен жақсылықтың мейрамы! Наурызда адамдар өзара өкпе-реніштерін ұмытып, бір-біріне ізгі ниетпен тілек тілеп, татуласады, үлкендер жастарға бата береді.
Айналайын, жас өрен!
Осынау жарқын мейрам қарсаңында көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім, дендеріңізге саулық тілеймін. Ата-аналарыңның үмітін ақтайтын, еліміздің тірегі болатын азамат болатындарыңызға сенімім мол! Талаптарыңызға нұр жауып, армандарыңыз – асқақ, шығар биіктеріңіз асқар болсын!
Жеткіншектерімізді ғылым мен білімге, мәдениет пен өнерге баулитын, адамгершілік пен рухы берік бірлікке, руханият пен жасампаздыққа тәрбиелеп келе жатқан «Мөлдір бұлақ» журналының ұжымына шығармашылық жетістіктер тілеймін.

Құрметпен,
Раушан
СӘРСЕМБАЕВА
Қазақстанның іскер ғының
Президенті

ПІКІР ЖАЗУ