Қош келдің, Наурыз!

Тағы да жадырап, көктем, Наурыз мерекесі келді. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам – Наурыз – жаңа жыл болып саналады. Наурыздың 22-сінде күн мен түн теңеліп, қыс өтіп, көктем келді.
Халқымыздың салтында Наурыз тойының сәні — аңыз әңгімелер мен ертегі кейіпкерлері — Қожанасыр, Алдар көсе, Тазша бала болса, біз де солар туралы көріністер дайындап, көрерменге ұсындық. Ата-аналарымыз біздің неше түрлі кейіпкерлерге айналып, қойған сахналық қойылымды тамашалап, мәз болды. Әжелер наурыз көже пісіріп әкелді. «Наурыз көжені тойып ішсеңдер, бүкіл жыл бойы тоқ жүресіңдер» — деп әбден тойғызып ішкізді. Басқа күні асқан көже дәл осы күнгідей тәтті болмайды. Наурыз мерекесі қашанда еліме ырыс, несібе, ынтымақ, бақыт сыйласын дегім келеді.
Сұңғат ЖЕТКЕРГЕНОВ,
№ 1 мектеп-гимназиясының оқушысы,
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *