Оттан тайсалмаған

Алматы қаласы “Ұлжан” ықшам ауданының көшесінде қарапайым бала кетіп барады. Қараша айының 11-күнгі үйден шыққан өрт келмеске кеткендей. Алла тағала діліне зеректік пен жүрегіне батылдық беріп, қарындастары мен інісін оттан аман-есен алып шыққанына риза. Бауырларын құтқарып қана қоймай, лапылдап жанып жатқан оттан қашпай, түтін жұтып үйге қайта кіріп, құжаттарды құшақтап шыққаны үлкендер бара бермейтін ерлік. 11 жасар ұлдың бұл ісін айрықша бағалаған құзырлы орын «Төтенше жағдайдағы ерен ерлігі үшін» төс белгісімен марапаттады.
— Данияр, төс белгіңді ұстап көрейікші, — дейді сыныптастары.
— Міне, балам, жарайсың! Баяғы замандағы «мың бала да» сендей болды емес пе, — деп үлкендер бата-тілегін арнайды.
Данияр Сатыбалды болса, № 152 мектептің 5- сынып оқушысы. Гүлмира мен Динара, інісі Дамирге қамқоршы аға. Қоғам оны батыр деп бағалайды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *