Өзгенің өмірін құтқарды

Атырау облысының әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ өз өмірлерін ойламай,
суға кеткен ананы құтқарған қос бүлдіршіннің ерлігін мадақтап, кеудесіне ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің арнайы төс белгісімен марапаттады.
Өткен жазда Атырау облысы, Құрманғазы ауданы Еңбекші ауылындағы мектептің 6-сыныбының оқушысы Ермахан МАДИЯРОВ пен аудан орталығы Ганюшкинодағы М.Әуезов орта мектебінің 7-сынып оқушы ҚАЙРОЛЛАҰЛЫ Бейбарыстың ерлігі туралы айтылған болатын. Бүгінде ұландардың есімін ауылы, мектебі мақтанышпен атайды. Ұлдар болса, тек азаматтық борышын орындағанын ғана айтады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *