«Алтын балық» салаты

Құрамы: 300 г балық еті; 200 г теңіз шаян таяқшалары (крабовые палочки); 5 жұмыртқа; 2/3 стақан қайнатылған күріш; 200 г консервіленген жүгері; тұз, майонез.
Дайындау тәсілі: балық етімен жұмыртқаны суға пісіріп, теңіз шаян таяқшаларымен бірге майда төртбұрышты пішінмен турап аламыз. Оған жүгері, күріш және сәл ғана тұз салып, майонезбен араластырамыз. Жалпақ тәрелкеге салып, балық бейнесін келтіреміз.
Сәндеу үшін: аузын қызанақпен, көзін қиярмен, ал қанаттарын аскөк және краб таяқшаларымен сәндеуге болады.
Ерекше дайындалған тағамымыз дәмді болсын!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *