«Есіңе мені алғайсың…»

Мұқағалиға арнау
Асқар таулардың көз жетпес биік құзына,
Ұштыңыз самғап, арман боп қыран құсына.
Өмірдің шіркін заңына қатал дес бермей,
Тағдырдың шығып махаббат белес, шыңына.

Мезгілін ұтып, қабағын шытып ақ қарда,
Өзіңізді ойлап, халқыңыз тойлап жатқанда.
Ғұмырдан өткен, ескертіп кеткен өзіңіз,
Келіп те қалыпты-ау, келіп те қалыпты-ау
ақпан да!
Фариза БАЕКЕЕВА,
Абай атындағы мектептің оқушысы.

Тірісіз
Шабыт алған алау атқан таңдардан,
Хош иісті әсем бақша-баулардан.
Ойы, бойы биік ақын, өлеңді,
Алдыңыз ба заңғар шыңды таулардан.

Мұқағали, сіз өлмейсіз, ірісіз,
Жас ұрпақтың мәңгі жырлар жырысыз.
Өлмес, өшпес ізі қалған өлеңде,
Ақын ата, біздер үшін тірісіз!
Айжан СЛАМБЕК,
Қ.Шорманов атындағы
мектептің оқушысы,
Алматы облысы,
Райымбек ауданы, Текес ауылы.

Мұқағалиға
Отырған талай күнді еске алып,
Жатыр ғой сөзіміз де есіп анық.
Қолыма қалам алып, өлең жаздым,
Мұқағали ақынды есіме алып.

Әр кезде шың белесі білінеді,
Демеңіз балаң артқа шегінеді.
Мұқағали ақыным мәңгілікке,
Алатаудай асқар боп көрінеді.

Ақынның шамырқанса нәрлі жыры,
Биік тартар жасын ой жаңғырығы.
Көк байрағым аспанда желбіресе,
Мұқаңдары қазақтың мәңгі тірі!

Ибрахим ҚАЛИЕВ,
№1 мектептің
оқушысы,
Алматы облысы,
Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы.

Мұқағали атама сыр
Өлең деген — тағдырдың тамашасы,
Әлдекімдер тағдырмен таласады.
Ақындық барлық жанға бұйырмаған,
Бірақ та әр қазаққа жарасады.

Мен саған сырымды айтам ақтарылып,
Өлең жайлы айтамын қақ жарылып.
Аллам маған өлмейтін өлең берді,
Бермесе де алтын тақ ханша қылып.

Мен сенің жырларыңнан қуат алам,
Қуанта алам, өзімді жұбата алам.
Мұқағали жырынан қуат алып,
Тыңдасын, тыңдамаған мына далам!

Жұпар ЖҰМАТАЙ,
Алматы облысы, Панфилов ауданы, Кішішыған ауылы.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *