Тілі басқа, тілегі бір

Ғ. Мүсірепов атындағы № 86 мектеп-гимназиясында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойына арналған 5 «А» сыныптың ата-аналары мен оқушылар бірігіп «Тілі басқа, тілегі бір» атты іс-шара өткізілді. Бұл шараның негізгі мақсаты — Қазақстанда тату-тәтті өмір сүретін халықтардың әдет-ғұрпын, дәстүр-тарихын, тілін қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміз үшін бірлігімізді нығайту басты борышымыз екенін ұғындыру, Қазақстанды мекен еткен халықтардың тілі мен мәдениетіне деген құрметті шыңдау, еліміздегі халықтар достығын, бірлігін нығайту. Бір шаңырақ астында, бір атаның баласындай бақытты өмір кешу үшін жас буынға береке мен бірліктің бәрінен де жоғары бағалайтынын тағы да бір мәрте еске салып өттік.
Гулмира Балмухамбетова, сынып жетекші.
Алматы қаласы, Әуезов ауданы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *