Тәуелсіздікке тағзым

Алматы облысы, Талғар ауданы, Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы мектептің 2 «б» сыныбында Тәуелсіздік күніне орай «Ата-бабам аңсаған» атты кеш өтті.
Кеш қонағы ақын Саят Қамшыгер тәуелсіздік туралы өз өлеңдерін оқып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Айбол Қазыбекұлы, Жанайым Қызырханова сияқты оқушылар ән салған кешті сынып жетекшісі БАЛТАБАЕВА Алмагүл қорытындылады.

ПІКІР ЖАЗУ