Айналдым сенен, азаттық

Аумасын бақыт — ел теңі,
Өткенім — ғажап ертегі.
Бүгінгі байлық — ұл-қыздар,
Тәуелсіз елдің ертеңі!

Аялай біліп уақытты,
Қадірлеп әр сәт — жақұтты.
Тәуелсіз елде шат күлген,
Бұл ұрпақ неткен бақытты!

Егемен елім — ғажап құт,
Тас атқандарға ас аттық.
Мерейін елдің асырған,
Айналдым сенен, азаттық!

Дархан БАҒЛАНҰЛЫ,
Алматы қаласы, № 181 мектептің 9-сынып оқушысы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *