Менің Президентім

Бірінші желтоқсан — Тұңғыш Президент күні. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті. Бұл адамды балабақшадағы сәбиден бастап, еңкейген кәріге дейін біледі. Әр елден келген қонақтарға ұялмай көрсететін жаңа қала Астанамызды президенттің ақыл-ойының жемісі дер едім. Астана — күннен-күнге бой түзеп жасарып, жаңарып келе жатқан жас қала. Қазақстан — бақытты ел, Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз. Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға — елдің тұғыры, тұтқасы. Біздің Президентіміз осындай тұлға!
Батыр КЕҢЕСБЕК,
Алматы облысы,
Кербұлақ ауданы, Қоғалы ауылы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *