Қуанышымыз — Элизабет

Мәнерлеп сырғанаудан топ жарып, үздіктердің қатарынан көрініп жүрген Элизабет Тұрсынбаева 2000 жылы 14 ақпанда Мәскеуде дүниеге келген. Әкесі Байтақ Қызылорда облысының тумасы. Элизабет Мәскеудегі «Москвич» спорт мектебінде тәлім алған. Сонымен бірге Алматыдағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта, Мәскеу қаласындағы әскери-спорттық клубында жаттыққан. Соңғы жылдары Қазақстан чемпионатының алтын медалін қатарынан алып келе жатқан Элизабет әлемдік жарыстардан да жүлделі орындарды көп алып жүр. Сол жетістіктерінің бірі — АҚШ-та өткен «Скейт Америка» жарысының үздіктері қатарынан көрінді. Сочи олимпиада чемпионы Юлия Липицкаяны басып озған ол өз дайындығының жоғары екенін байқатты. Бұл турнир 15 жастағы Элизабеттің ересектер арасындағы алғашқы сайысы екенін баса айтқан жөн. Соған қарамастан жоғары нәтиже көрсеткен қазақ қызының өнерін мамандар жоғары бағалауда.
Сонымен бірге отандасымыз Элизабет Тұрсынбаева Эстония астанасы Таллин қаласында өткен жарыста күміс жүлдеге ие болды. Жерлесіміздің АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласындағы жарыста күміс, канадада өткен халықаралық жарыста алтын медаль иеленгені де қуанышымызды еселей түсті.
Элизабет енді желтоқсан айында Загреб қаласында (Хорватия) өтетін халықаралық турнирге, 20-21 желтоқсанда Қызылордада болатын ҚР чемпионатына және 2016 жылдың ақпан айында Норвегияның Лиллехаммер қаласында болатын қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасына қатысады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *