Бөтелкеден дайындалған сыпырғы

Күнделікті өмірде пайдаланып болған  заттарымызды қоқысқа лақтыруға асығамыз. Бірақ, керексіз деп есептеген заттардан күнделікті қолданылатын пайдалы бұйым жасауға болады. Олай болса, төменге зер салып, өз қолымызбен әдемі сыпырғы жасап көрелік. Оны үй шаруасына да қолдануыңа болады.

Керекті заттар: пластик бөтелке, шеге, жіңішке ұзын темір, сап, балға.
Дайындау тәсілі: Алғашқы бөтелкенің бас және аяқ жағынан кесіп, төменнен бастап жіңішке етіп бірнеше бөлікке қиып шығамыз. Қалған бөтелкелердің аузы жағын кеспей, тек аяқ жағынан ғана біріншісіндей етіп қиып шығамыз. Бәрі дайын болған соң алғашқы бөтелкемен біріктіреміз. Тағы бүтіндей бір бөткелкенің аузынан кесіп, біріккен бөтелкелердің басына кидіреміз. Және дәл сол бөтелкенің ортасынан және енінен қиып, одан сыпыртқы пішінін келтіріп, жалпақ етіп дайындаймыз. Әрине, оған ұзын темірді пайдаланамыз. Яғни, дәл бөтелкелердің біріккен жерінен кішкене ғана тесіп темір сымды өткізіп байлап қоямыз.
Ал қолға ұстайтын ағашты балғаның көмегімен екі жағынан шегемен қағамыз. Ерекше қолдан әзірленген сыпыртқы дайын болды.

Тұмаудан сақтан!

Ауа райының өзгеруі түрлі ауруларға дұшар етеді. Әсіресе, тұмау. Айналадағы бәрі түшкіріп, жөтеліп жүргенде, тұмаудан қалай сақтануға болады? Ол үшін мұрын, тамақ, құлақты ерекше күту қажет.
Мұрын. Мұрын тыныс алатын ауаны жылытып, бактериялардан тазартып, ылғалдандырады. Даладағы температура -200 болса да, мұрын ауаны +250-ке дейін жылыта алады. Мұрын өзіне шаң-тозаң, тіпті ұсақ бөлшекті бактерияларды жинақтап, бізге таза, жылы ауамен тыныс алуға мүмкіндік береді. Тұмау тигенде, мұрыннан су ағып, тыныс ала алмай қаламыз. Қандай ем қолдансаң да, оның мұрынға кері әсерін тигізбеу үшін 5-6 күннен кейін тоқтатқан жөн. Ең дұрысы сауықтыру амалдарын жүргізу. Мұрынды арнайы қайнатпалармен шайып тұруды әдетке айналдырсаң, ешқандай жұқпалы ауру саған жолай алмайды. 150 мл суға 1/2 ас қасық тұз, емдік шөп түрлерін, арнайы ерітпелерді қосып, мұрынды жиі шайып тұр.
Тамақ. Тұмау тек мұрынға ғана емес, сонымен қатар тамаққа да таралады. Асқынған жағдайда, баспаға (ангина) апарады. Тамақты суықтан сақтау үшін:
● Суық күндер келген бойда, мойныңа орамал байлауды әдетке айналдыр.
● Суық күндері далада көп сөйлемеуге тырыс.
● Егер әу бастан тамағыңды суыққа шыңдатпасаң, күзде суық сусындардан бас тарт.
● Тамағыңды аурудан сақтап қалу үшін, тамақпен емес, мұрынмен дем ал.
● Тамағың ауыра бастаған жағдайда, тамаққа массаж жасасаң болады. Бұл негізгі емге жақсы көмекші болады.
● Мойыныңды жоғары-төмен уқала.
● Мойыныңды шапалақтап қой.
● Басыңды оңға-солға бұрып, жаттығулар жаса.
Әр жаттығуды 8-10 рет, күніне бірнеше рет қайтала.
Құлақ. Құлағың бітеліп, шаншып ауыра ма? Демек, тұмау құлаққа да жетті. Құлақ жылуды жақсы көреді. Суық күндері құлағыңды жауып жүруге тырыс. Бас киім киіп немесе қалың орамал тағуды әдетке айналдыр.
Суық тидіріп алсаң, дереу мына кеңестерді орында:
● Аяқты ыстық суға салып, әбден жылытып ал.
● Ұйқы уақытылы болу керек.
● Көп ыстық сусындар іш (сүт пен бал, сүт пен май, тосап қосылған шай).
Осы күзді ауырмай өткізейік!
«МБ» – ақпарат

Бетті дайындаған:  Адина ЕРҚАРАЕВА

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *