Ел бірлігін сақтаған татулықты айт

Жас оқырман!

Келесі 2016 жылы Жыр алыбы Жамбыл бабамыздың туғанына 170 жыл толады. Шығыстағы дара Абай атамыздан бір жыл кейін оңтүстікте туған бала жырларымен жер жиһанды таңдандырады деп кім ойлапты?
Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйінбай Аронұлының шәкірті болған Жамбыл жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы. Ұлттың рухы биік ұлы тұлғасы. Айтыстың ақ берені.
Қазақтың ұлттық әдебиеті мен мәдениетіне сіңірген еңбегі жоғары бағаланып, ХХ-ғасырдың Гомері деген атқа ие болды.
Жыр алыбының шығармаларында бала тақырыбы да бар. Ол жасампаз ұрпақпен сырласындай, қимасындай мәңгі бірге жасайды. Оның үздік шығармалары әлемнің 40-тан астам тіліне аударылды.
Бәйгеге шығарманы проза, поэзия түрінде жазуға болады. Бірақ танымал ақын-жазушылардың шығармаларының үзінділерін көшіріп, оқулықтар мен кітаптардан жазып алып жіберуге болмайды. Жазған шығармаңды міндетті түрде ата-анаң мен ұстазыңа көрсетіп алуды ұмытпа.
Бәйгеге бастауыш сыныптан бастап, 11- сынып оқушысына дейін қатысуына болады.
Жазған шығармаларыңа «Бәйгеге» деп белгі соғылады. Редакциямызға хатпен немесе электронды поштамен жолдауларыңа болады. Сен Жамбыл бабамыздың мерейтойына арналған бәйгеге қатыса отырып, жеке шығармашылығыңды шыңдайсың. Сыныптастарыңның арасында дара тұлға болуға ұмтылысыңды байқатасың.
Сәттіліктер тілейміз!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *