Оқимыз сені күн сайын

Оқырмандардың бағына,
Әр саның талай жол жүрет.
Күтеміз сені сағына,
Жанарларымыз мөлдіреп.

Талапты, зерек баламыз,
Алдан жел болып есеміз.
Құпиясурет табамыз,
Сөзжұмбақтарды шешеміз.

Танимыз байтақ өлкені,
Достарымызға жар салып.
Оқимыз өлең, ертегі,
Ғибратты жырды тамсанып.
Балғын бояу да үмітім,
Фотошуақ та тұр тағы.
Жанымызда жүр күні-түн,
Ұлы тұлғалар ұрпағы.

Көңілге мықтап тоқимыз,
«МБ — саяхат» аймағын.
Қызыға қарап, оқимыз,
Өнер мен Спорттың айдарын.

Оқимыз сені күн сайын,
Ай сайын күтіп сағына.
Жазыламыз көп жыл сайын,
Тағы да, тағы, тағы да!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *