Оның құрағы — бала

Өмірдегі асыл жандар – менің ата-анам… Екеуінің де ойы, пікірі, берген ақыл-кеңестері, бар білгені мен түйгенін маған үйретуде. Бала тәрбиесіндегі олардың атқаратын міндеті өте ауыр. Биыл мен төртінші сыныпты бітірдім. Сабағымды жақсы оқимын. Қарындасым Баян екінші сыныпқа көшті. Біз — Кербұлақ ауданы, Қоғалы ауылында тұрамыз. Менің әкем және анам Панфилов атындағы орта мектебінде мұғалім. Әкем дене шынықтыру, ал анам информатика пәндерінен дәріс береді. Мен «Домбыра» үйірмесіне қатысамын, көп кітап оқимын, әкеммен бірге шаңғы тебемін. Жыл сайын менің әкем шаңғыдан аудандық жарыста бірінші орынға ие болады және облыстық жарыстарға қатысып, мақтау қағаздарымен марапатталады.
Ата-анасын, аға-сіңілерін сыйлай білген, жақындарына жақсылық тілеген адам, менің ойымша, болашақта қоғамда да ізгі ниеті арқылы еліне адал қызмет етеді деп сенемін. Еркелігімізді, қате-
лігімізді түсініп кешіре білетін, ақыл-кеңесін аямайтын, осы дү-ниенің тек тәтті тұстарын көрсетуден, жақсылыққа итермелеуден жалықпайтын біздің әке-шешеміз.
Кеңесбек Батыр,
Алматы облысы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *