Бес нәрседен қашық бол!

Ұлы ғұлама Абай атамыздың  «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңіндегі осынау ұлағатты кішкентай бүлдіршіндерге сыйлық сыйлауға байланыстырғанды жөн көрдік. Ата-ана  ұл-қызы қуансын деп, баласының жас ерекшелігін ескермей электронды құралдарды, көлемі үлкен ойыншықтарды сыйлағанды ұнатады. Ұландардың туған күні, Жаңа жыл мерекесі, басқа да айтулы мерекелерде сыйлық таңдағанда ескеретін жайттар бар екен. Бұл жайында арнайы мамандардың ұсынысына жүгінелік.

Планшет, смартфон, iPad. Педиатрлар-дың айтуы бойынша, бүгінгі жас ата-аналар баласы дүние есігін ашқан шақтан тынышталсын деп, жылағанда құлағының түбіне қымбат телефондарды қойып, өлең қосып қояды. Баласы сөйлей бастаған 3-6 жаста жоғарыда айтқан сыйлықтарды қолына ұстатады. Кішкентайлар далада, таза ауада ойнаудың орнына үйде соған байланып отырады. Мұның соңы бала өсе келе жүру қабілетін нашарлатады. Қимыл-қозғалысын тежейді.
Көлемі үлкен шоколадтар мен тәтті түрлері. Бала жақсы көреді деген ата-ана көлемі үлкен Альпенголд, Сникерс, Марс секілді шоколадтарды, тәтті тағамдарды көп беруге тырысады. Тәттіні өз жасына лайық емес, шамадан тыс жеген балада қышыма ауру-лары пайда болады. Тәбеті жоғалады. Мұның сыртында түрлі -түсті сусындар да бар.
Тотықұс, күшік… Тірі жан-жануар сыйлыққа да, затқа да жатпайды. Тіршілік иелерін үйде ұстауға болғанменен, сыйлық деп тарту етуге болмайды. Үйге үйренбей, өліп қалса, мерекеде сыйлаған деп баланың жүрегіне сызат түседі.
Өте қымбат ойыншықтар. Қазір ата-аналар ұл-қызын басқалардан қалмасын деп соларға теңестіруге тырысады. Көршінің баласындағыдай құны АҚШ долларымен бағаланатын ойыншықтар сыйлайды. Біреудің қалтасында шаруамыз жоқ. Дегенмен, бағасы қымбат заттың баланың мінез-құлқына кері әсері барын да ұмытпаған абзал.
«Супер» қаһармандар. Бэтмен, өрмекші-адам, ниндзя тасбақалар, басқа да толып жатқан шетелдік мультфильмдердің кейіпкерлері бар. Оларға арналған ойыншықтарды санау мүмкін емес. Сондай сыйлық алған балалар өздерін соларға ұқсатып, қимыл-әрекеттерін салады. Қолына пышақ, шанышқы, балға, басқа да өткір заттарды қасындағы кішкентайларға қолдануы мүмкін. Немесе, биік қабатты үйден секіруі ғажап емес.
«МБ» — ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *