Кесірі болады

— Негізі, мұсылман əйел заты шашын жаймақ түгілі, жалаңбас жүрмейтіні хадистерде айтылады. Неге орамал байлау керек дейді маған. Шашын жіберіп, жинамай жүрген қыздарымызды кіналамаймын. Тамақ пісіргенде, бала емізгенде, дастархан басында, бір сөзбен айтқанда əйел баласы шашын жібермейді. Тырнағын сояудай етіп өсірмейді. Қысқа көйлек кимейді. Айта берсек, осының бəрі де инабаттылық, имандылық. Жоғарыда мен айтқандар сақталмаса, кесірі болады. Шаштарын жайып жіберу — балиғат жасында-ғы қыздар үшін əдемілік шығар. Бірақ, əрбір тал шаштың түбіне шайтан ұялайды деуші еді бұрынғы тəмсілдерде. Өсірілген тырнақтың астында қаншама мың микроб бар.
— «Қызға қырық үйден тыйым» дегеніміз осы ғой. Ал, үлкенді тыңдамай, менің жағамды жыртатын аналар тұрғанда, ортаның берекесі қашады.
Соғыс жылдарында есін біле бастаған кейуананың жасы сексенге жақындапты. Бірақ, əлі тың. Өзінің қыздар тəрбиесіне байланысты білгендерін əр жерде айтады екен. Бірақ, оның айтқанын өнеге, тəрбие, мəні бар деп жас аналардың қабылдамауы жанына қатты бататынын ауыр күрсінгенімен байқатты.
Саралап қарасақ, шынында да қыз балаға байланысты кесірлікке ұрындыратын жайттар көп-ақ. Біздің мұны айтып отырғанымыз да, балғын құрбыларымызға ой салу. Көпшіліктің көзіне түрткі болатын нəрселерге жоламасын деген ниет қана.
Ж.ТҰРЖАНОВА
Кесірі болады
Адам баласы жарық дүниеге келген сəттен бастап, өзінің туған жерінің таза ауасымен дем алады. Туған топырағының ыстық табын сезеді. Айнала жасыл желек. Соның ішінде орманның орны ерекше. Қазір үлкендердің айтуынша, ормандарымыз, жайқалып өскен ағаштарымыз оталып жатыр. Мен Райымбек ауданының Саты ауылында тұрамын. Атақты «Көлсай» атырабы. Тауы орманды. Атадан балаға мирас болып келе жатқан орманды сақтау біздің пары-зымыз. Оны өрттен, қоқыстан тазалау міндетіміз.
Қанат НҰРДАНБЕК, Алматы облысы.
Орман — Отан байлыєы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *