Атлах

(«Атлах-Талас» шайқасына 1264 жыл )

ылдың шiлде айында Тараз қаласына iргелес жатқан шағын ғана Атлах бекiнiсi аумағында бес күндiк қанды шайқас болған едi. Зерттеушi ғалымдар оны бiрде “Талас шайқасы” деп жазса, бiрде “Атлах шайқасы” деп жазып келдi. Араб тарихшысы Əль-Макдиси 985 жылы: “Атлах үлкен қала, көлемi жағынан орталық қалаға жақын, айналасы биiк дуалмен қоршалған. Бау-бақшасы көп, жүзiм мол өседi. Мешiтi орталығында, базары – рабатта (қала шетiнде) болған” деп жазады. Махмұт Қашқари болса “Атлұқ-Отлұқ Талас (Тираз) маңындағы бiр қаланың аты” деп қысқа қайырады. Орыс тарихшысы А.Н.Бернштам өзi ашқан археологиялық айғақтарға сүйене отырып: “Атлах қаласының орны Тараз қаласына таяу жердегi Жуантөбеде, оның үйiндiсiнiң айналасы 280/140 метр аумақты алып жатыр” — деп нақтылай түседi. Бұл аймақтағы билiк үшiн болған текетiрес, қарулы қақтығысқа таяп келдi. Қытай дерек көздерiнен мынадай хабарларды көремiз: “Екi жақ бес күн бойы шайқасты, қарлұқтар жаппай бет бұрып кеттi де, арабтарға болысып, екi жақтап Таң армиясын қыспаққа алды. Шиянжыны ойсырата жеңдi” — деп айтылған. Соңғы жүргізілген архиологиялық зерттеу деректерінде Тараздан оңтүстікке қарай 15 шақырым жердегі Жуантөбе қалашығы VІІ-ХІІ ғасырда болған.
Мадина ЖАҚЫПБЕК,
Қарағанды облысы,
Қарқаралы ауданы, Бесоба ауылы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *