Жан- жаќты Жансая

АДЫХАНОВА Жансая Алматыдағы № 172 мектеп-гимназияның 10-сыныбында оқиды. Жансая мəнерлеп сырғанаумен 2009 жылдан бері айналысып келеді.
2012 жылы Москвада өткен мəнерлеп сырғанаудан алтын кубок иегері атанды.
2013 жылы өз жетістігін республикалық жəне халықаралық сайыстарда көрсете білді. 2013 жылы Vinnitsa Tropy ISU халықаралық сайысында қола жүлде иегері болды. Сонымен қатар «Турнир ханшайымы» атты кубок иегері болды.
2014 жылы Румыния қаласында өткен «Crystal Skate 2014» сайысында IV орын иеленді. Сол жылы спорт шебері атағын алды.
Жансая спорттан ғана үздік нəтиже көрсетіп қоймай, сабақ үлгерімі жағынан да көпке үлгі. Ол — біздің мектеп-гимназияның мақтанышы. Біз бір сыныпта оқитындықтан, Жансаяның адамгершілік қасиеттерімен де жақын таныспын. Ашық-жарқын, кез-келген тақырыпта қызықты əңгімелер айта білетін, ойлау қабілеті ерекше қыз. Спортшыны асыл армандарға жетелеп, топты жарып шығып, биік шыңдарды бағындыруға шабыттандырушы үлкен күш — алға қойған мақсат, жеңіске деген құлшыныс. Жансаядай жан-жақты қыздарымыз көбейе берсін!
Меруерт НҰРЛАН,
Алматы қаласы,
Медеу ауданы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *