Кітап — сарќылмас ќазына

«Күш — білімде, білім — кітапта» деген даналық ата-бабамыздан келе жатыр. Солай бола тұра, балалар арасында кітап оқитындары көп деп айта алмаймын. Өйткені, ата-анам:
— Бала кезімізде кітапханадан шықпайтын едік, сендер кітап оқы-мақ түгілі қолдарыңа алмайсыздар, — деп əдеби шығармалар əкеліп береді.
Кітап туралы қанша айтсақ та, тауыса алмаймыз. Сонау ықылым заманнан бері қарай қаншама ғұлама бабаларымыздан бізге мұра болып келген — кітап. Əл-Фараби бабамыздан бергі əдебиет туралы ұстазымыз айтқанда, тамсана тың-
дадық. Олардың ұрпағына қалдыр-ған ғибратты əңгіме, өсиеттері, тағылымы біздерге рух беріп, алға қарай ұмтылуымызға күш-жігер береді. Көркем шығарма оқудан гөрі электронды құралдар арқылы шығарма оқуға машықтана бастап едім. Мұғалімнің айтқанынан кейін кітапты қолмен ұстап, парақтарын ақтарып оқығанға жетпейтінін құрбыларыма айтар едім.
Аружан НЫСАНҒАЛИ,
№ 1 гимназияның оқушысы. Тараз қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *