Ќазаќтыѕ бар азаматы сіздей болса…

Жайма – шуақ жаздың алғашқы күндері де басталды.. «Уақытым босқа өтпесін» — деп қаламыздың супермаркеттерінің бірінде жұмыс істеп жүргенмін.
Сондай күндердің бірінде мен үшін тосыннан күтпеген кездесу болды! Кішкентай қыз бала жүгіріп өтіп барады. «Ата-анасы қайда екен?» — деп алаңдап үлгергенім сол еді, артынан əкесі бақылап келе жатыр екен. Көзіме оттай басылды. Өзіміздің нар тұлғалы мақтанышымыз, боксшы, олимпиада чемпионы, Халықаралық спорт шебері — Серік СƏПИЕВ! Сол кісі! Бұқаралық ақпарат құралдарынан көргенім болмаса, өмірде бірінші рет көруім… Өр, қайсар мінезді екені тұлғасынан, өзін ұстағанынан-ақ байқалып тұрады. Қазақтың намысын қорғап, Туымызды көкке желбіретіп, Əнұранымызды асқақтатып жүрген осындай мықты батырымыздың барына сүйсініп, кеудемді мақтаныш кернеді! Бірер минуттан кейін қасына барып, амандасып, қал-жағдайын сұрадым. Сəлемімді алып, қалының жақсы екенін жеткізді.
Сол сəттің куəсі, естелігі ретінде суретке түсіп

ПІКІР ЖАЗУ