Сəтті сапар

Жазғы демалысымдағы сапарым өте сəтті болды. Алматы қаласына отбасыммен бірге əпкемнің тойына жол тартқан едік. Поезға жайғасып, табиғаттың сұлулығын тамашалап терезеден сыртқа қарап тұрған едім. «Өтіп кетсем бола ма, қарындасым?» деген ағаның дауысы естілді, жоғары қарасам Қазақстанға танымал болған Италияндық əнші Сон Паскаль екен. Бірден таныдым.
Алматы қаласына аяқ басқан соң, кешке əпкемнің тойына жиналдық. Мейрамханаға кіре бергенім сол еді, көпшіліктің ішінен журналист, тележүргізуші Аман ТАСЫҒАН ағам бірден көзіме түсті. Ол мүмкіндікті де жіберген жоқпын.
Іңкəр ТӨЛЕПБАЙ,
Қызылорда қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *