«Қазақстан – ортақ шаңырағымыз»

Балалар мен жасөспірімдер оқу жылын ойдағыдай аяқтады деген ниеттеміз. Жазғы демалыс басталар сәтте оқырмандарымыз бізді сұрақтың астына алады. Редакция поштасына келіп түскен хаттардың арасында жаз айларында кинотеатрлар мен теледидар арқылы көрсетілетін фильмдер жайында екен. Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы 1-маусым, балалар күніне арнап «Қазақстан – біздің ортақ шаңырағымыз» атты анимациалық мульфильмді жарыққа шығаруда.

Оқырман  сұрақтарына  жауап берген:   Зайтуна  ДЖАНДОСОВА,  Ш.Айманов атындағы «Қазақфильмнің» баспасөз қызметкері, заңгер,  журналист

Оқырман
сұрақтарына
жауап берген:
Зайтуна
ДЖАНДОСОВА,
Ш.Айманов атындағы «Қазақфильмнің» баспасөз қызметкері, заңгер,
журналист

Мөлдір ЕРЛАНҚЫЗЫ, Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Пржевал орта мектебінің оқушысы:
— «Қазақстан – біздің ортақ шаңырағымыз» атты мульфильмнің алғашқы көрсетілуі қай жерде өтеді?
Жауап: — Сәуір айында Қазақстан халық Ассамблеясы мен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы бірлесіп, Алматы қаласындағы Достық үйінде ұйымдастырған «Қазақстан – біздің ортақ шаңырағымыз» атты мультфильмнің таныстыру рәсімі өтті. Алматы қаласындағы балалар үйінің бүлдіршіндері фильмнің алғашқы көрермендері болды. Олардың үлкен қошеметі мен жүздеріндегі жайнаған қуаныштан-ақ фильмді түсірген шығармашылық топтың еңбегі биік белестен көрінгенінің айғағы деп білеміз.
Мадияр САҒИДОЛЛАЕВ, БҚО, Жаңақала ауданы, Маштексай ауылы:
— Фильмнің қысқаша мазмұны бізді қызықтырып тұр…
Жауап: — Балаларға арналған анимациялық фильм Қазақстан халық Ассамблеясы жылына орай түсірілген. Фильм орыс, татар, өзбек, ұйғыр, корей, түрік, неміс және украин халықтарының ертегілерінен алынды. Автор балалардың ой-өрісін патриоттық, толеранттық, достық, ауызбірлік тәрбиені насихаттау арқылы, болашақта жастардың жұдырықтай жұмылып еңбек етуіне шақырады. Фильм отандық телеарналарда көрсетілетін болады.
Әлия БАЙЖАНОВА, Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сексеуіл кенті:
— Балаларға арнап тағы басқа қандай фильмдер ұсынылады?
Жауап: — Жеңістің 70 жылдығына орай 7-мамырда «Дорога домой» атты патриоттық, саяси фильм жарыққа шықты. Фильмдегі басты сюжет – адам өміріндегі ең маңыздысы, өз Отанында және отбасымен бірге өмір сүру, адал еңбек ету, Отанға деген махаббатты сезіну.
Балнұр ҚАБДУЛШАРИПОВА, ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ойшілік ауылы:
— Фильмді ойнаған актерлерді таныстырып берсеңіз?
Жауап: — Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша фильм «Қазақфильм» киностудиясында түсірілді. Автор әрі режиссері Рашид Сулейменов. Көрерменнің көзайымына айналған фильмдегі талантты актерлер: Санжар Мадиев, Аружан Джазильбекова, Еркебұлан Дайыров, Саят Мерекеұлы, Сырым Қашқабаев, Сергей Штерн, Обонна Эндэбуезе және т.б.

 

ПІКІР ЖАЗУ