Құтты болсын!

Сендерге «Мөлдір бұлақ»,
бақыт қонсын,
Балғындар өнерімен ортаң толсын.
Сәбидің санасына сәуле шашып,
Бөлей бер қуанышқа көңіл қошын.

Бал тамған тәтті үндерің
қанат қақсын,
Алдарыңнан, ұрпағым,
ақ таң атсын.
Оқыған өздеріңді бөбектерім,
Өзгелермен таласып
таңдай қақсын!

Көк күмбезді кеңістік ортасында,
Дала деген даналық ордасында.
Еркін өсіп ер жетер еркелерді,
Алланың өзі әрқашан қолдасын да.

Қорған боп шылауыңда ғайып ерен,
Өсе берсін қанатын жайып өрен.
Кішкентай сәбилерге
тіл ұстартқан,
Өзіңнен тәрбиенің жайын көрем.

Мен де сөзді айта алман
тіпті тосын,
Ұрпақтарың шетінен
мықты болсын.
Бал-бұл жанған балғындай
оқырмандар,
Жүлделерің бәріңнің құтты болсын!

Сейфолла ОСПАН,
ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *