Қорғалжын шәкірттері ерледі

2015 жылдың 6-сәуір күні сағат 10.00 де Қорғалжын ауданының әкімі – РЫСКЕЛДІНОВ Қайыр Өмірсадықұлы аудандық мектептерден келген халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпаздарын қабылдады.
Қайыр Өмірсадықұлы балалар мен жасөспірім-дерге үлкен сенім арта тілегін арнап, құттықтады. Наурыз айында өткен Халықаралық ән байқауына Қорғалжын ауданы Дружба орта мектебінің оқушысы – Ташенова Айнамкөз қатысып, ІІ-дәре-желі дипломмен марапатталып, лауреат атағын иеленді. Сондай-ақ, ІІ Республикалық «Ақберен» байқауында облыс намысын қорғаған жеңімпаздар: Үсенов атындағы Сабынды орта мектебінің 8-сынып оқушысы — Ақжунусов Дархан, Арықты орта мектебінің 10-сынып оқушысы – Боранбаева Айтолқын, Майшұқыр негізгі мектебінің 8-сынып оқушысы – Амангельдинова Толқын І-орынға қол жеткізіп, мерейлі мекеннің мерейін биіктеткені үшін аудан әкімі өз ризашылығын білдірді. Аталмыш байқаудың басты бәйгесі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Білім грантын жеңіп алған Қызылту орта мектебінің 11-сынып оқушысы – Рахимжанова Мадинаға аудан әкімі ақ жол тіледі. Қорғалжын мектеп гимназиясының 8-сынып оқушысы – Жүзбаева Зарина, Қызылту орта мектебінің 10-сынып оқушысы – Сагынова Назерке қатысушы сертификаттарымен марапатталды.
Қ. БАЙГУЛОВА,
Қорғалжын аудандық
білім бөлімінің басшысы,
Ақмола облысы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *