Білім бәрінен қымбат

Сонау көне заманда бір шал өмір сүріпті, оның он бес жастағы ұлы болыпты. Ол жұмыс істемей отыра бергеннен жалығып, әкесінен сұрапты:
— Әке, сенде үш жүз танга бар ма? Содан маған жүзін берші, мен бөтен жаққа барып, ол жақта адамдар қалай өмір сүретіндерін көріп келейін.
Әкесі мен анасы оған:
— Біз бұл ақшаны сен үшін сақтап жүрміз. Егер олар саған саудамен айналысуға керек болса, онда ал да бара бер, — деді.
Жігіт жүз танганы алып, көрші қалаға кетті. Ол қаланың көшелерімен жүріп келе жатып, бір бақшаға кіріп кетеді. Қарап тұрса, бақшада биік үй тұр. Терезеден сығалап қараса: ол үйдің үстелдерінде жас адамдар бір нәрсемен айналысып отыр екен. Жігіттің қызығушылығы оянды. Өтіп бара жатқан адамды тоқтатып, одан сұрады:
— Бұл не үй және осында не істейді?
Өтіп бара жатқан адам оған:
— Бұл мектеп, ал онда жазуды үйретеді.
Біздің жігіт те жазуды үйренгісі келіп кетті. Ол үйге кіріп, аға оқытушыны іздеді.
— Саған не керек? – деп аға оқытушы одан сұрады.
— Мен жазуды үйренгім келеді, — деп жігіт жауап берді.
— Бұл мақтауға тұратын ниет және біз саған қуана жазуды үйретеміз. Бірақ біз тегін оқытпаймыз. Сенде жүз танга бар ма?
Жігіт бірден өзінің жүз тангасын беріп, бір жыл бойы жазуды үйренді. Бір жылдан кейін оқу мен жазуды өте жақсы үйреніп алғаны сон-
шалықты, ол – басқа оқушылардан қара-ғанда тез әрі әдемі жазатын болды.
— Енді саған бізде үйренетін нәрсе қалмады, үйіңе бар, — дейді ұстаз.
Жігіт өз қаласына қайтып келді. Әкесі мен анасы одан сұрады:
— Ал, балам, айта бер, осы бір жылда көп ақша жинадың ба?
— Әке, жүз танга босқа кеткен жоқ, мен оған сауатымды аштым. Өзің де білесің, білімді болмасаң саудамен айналысуға мүмкіндік жоқ, — деп жауап береді жігіт.
Әкесі басын шайқап:
— Иә, балам, сенің басыңда ақылың көп емес екен! Оқып, жазуды үйренуін үйрендің, ал одан не пайда! Сені сол үшін үлкен бастық қылып отырғызады деп ойладың ба? Саған айтарым мынау: сенде мүлдем ақыл жоқ екен!
— Әке, олай емес! Менің оқу мен жазуды үйрен-генімнің пайдасы болады. Сен маған тағыда жүз танга бер. Мен басқа қалаға барып, сонда саудамен айналысамын. Саудада оқу мен жазуды үйренгеннің көп пайдасы тиеді, — деп жауап береді жігіт.
Әкесі оны тыңдап, оған тағыда жүз танга берді. Осы жолы жігіт басқа қалаға кетті. Қаланың көшелерінде жүріп, айналасына қарап жүр. Бір бақшаға кірді. Қараса: бақшаның ішінде үлкен әрі биік үй тұр екен, ал үйдің ішінен әуеннің дауысы шығады.
Ол өтіп бара жатқан бір адамнан сұрайды:
— Мына үйде не істейді?
Өткінші адам оған жауап береді:
— Бұл үйде скрипкада ойнауды үйретеді.
Жігіт үйге кіріп, аға оқытушыны іздеп тапты. Оқытушы одан сұрады:
— Саған не керек? Неменеге келдің?
— Скрипкада ойнауды үйрену үшін келдім, — деп жауап береді жігіт.
— Біз тегін оқытпаймыз. Егер бір жылға жүз танга бере алсаң, оқитын боласың, — деп жауап береді ұстаз.
Жігіт ойланбастан оған жүз танганы беріп, оқуға кірісіп кетеді. Бір жылда скрипкада өте жақсы ойнауды үйреніп алғаны соншалықты, ешкім оған тең келе алмады. Бұл үйде істейтін жұмыс қалмады, үйге қайту керек. Ол үйге келгенде – әкесі мен анасы одан сұрайды:
— Саудамен айналысуға қолданамын деген ақшанды қайда жұмсадың?
— Мен осы жолы да саудамен айналыспадым, оның орнына мен скрипкада ойнауды үйрендім, — деп ұлы жауап береді.
Әкесі ренжіп:
— Жақсы ойлап таптың! Мен бүкіл өмірімді кетіріп, тырнақтап жинаған ақшамды сен үш жылда соның бәрін кетіргің келе ме?
— Жоқ, әке, мен сенің ақшаңды босқа кетірген жоқпын. Өмірде әуенде ойнау да керек болады. Сен маған тағыда жүз танга берші. Мен саған осы жолы көп ақша жинап келемін, — дейді ұлы.
(Жалғасы келесі санда)
Аударған: Нүркен БЕКТАС,
Семей.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *