Райхан

Ертеде Асыл атты хан өзінің шаһарын райхан гүлдерімен безендіріпті. Ол өзі мінезі жұмсақ, тым жайдары жан екен. Оның Хадиша атты жалғыз қызы болыпты. Ол тым ерке, кінәмшіл екен. Бірде хан қызы сарай маңында серуендеп жүріп, қолына гүлінің тікенін кіргізіп алады. Оған ашуланған қыз әкесінен маңдағы райхан гүлінен тартып, жалпы гүл атаулыны жоқ етуді талап етеді. Асыл хан әу баста қызының айтқанына құлақ аспағанымен, келе-келе орындауға уәде етеді де, ақыры гүл біткенді тып-типыл етіп, жойып тынады. Қаланы, сарай маңын көңілсіздік басады. Жасы келген қарт адамдар мына масқараға қатты налиды. Хан қызын «көктей солғыр» деп қарғайды. Осы қарғыс Хадишаға кесел болып жабысып, ақыры содан көз жұмады. Хан сарайындағы ауыр мың тіптен қоюлана түседі. Асыл атты хан мына қорлыққа шыдамай, бүксүтіп жатып қалады. Бірде қызының қабіріне барған хан жас төмпешіктің үстінде өсіп тұрған жалғыз тал райхан гүлін көреді. Көреді де, қызы есіне түсіп, бордай егіліп жылап жібереді. өз қателігі оған үлкен соққы болып тиеді. Қабір басынан үлкен уайыммен орылған хан өз ордасына келісімен дереу райхан гүлін өсіруге, қаланы тегіс гүлмен безендіруге әмір береді. Сарай маңына өз қолымен райхан гүлдерін отырғызып, үлкен бақ жасап, «Хадиша бағы» деп атайды. Арада тағы біраз мезгіл өтеді. Райхан гүлдері жаппай бүршік жарып, айнала қызылды-жасылды түрге енгенде, хан отбасында тағы бір қыз өмірге келеді. Асыл хан оған Райхан деп ат қояды.

 Айзат Мұхтар әулеті.
Ақтөбе облысы,
Ырғыз ауданы,
Құрылыс ауылы.

 

ПІКІР ЖАЗУ