Сәлем, «Мөлдір бұлақ!»

Біз — Алматы қаласындағы № 167 жалпы білім беретін мектептің 3 «ә» сынып оқушыларымыз. Журналға барлығымыз жазылдық. Әңгіме, өлеңдерді сүйсіне оқимыз. Танымдық ойындарды да таласа шешеміз. Сабақты да үздік оқуға тырысамыз.
Ұстазымыз БАБАШЕВА Гүлмаржан Оңалбекқызының әр сөзін мұқият тыңдаймыз. Сыныпта тәрбие сағаттары көп өткізіледі. Тәрбие сағаттарына қажетті материалды журналдан аламыз. Ата-анамыз да өзіне керек дүниені тауып, оқып жатқанын көргенде, іштей таң қаламыз.
Сынып оқушылары орта буын, жоғары сыныпқа өткенде де «Мөлдір бұлақпен» қоштаспаймыз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *