Жеңіс қаһармандарының құрметіне

Панфилов ауылы № 33 мектеп ұстаздары мен оқушылары басшымыз Муканов Мәлік Қасымбекұлының ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына байланысты ардагерлерге қыс айларында көмегін аямады. Шәкірттермен сынып жетекшілеріміз тәрбие сағаттарын өткізіп, отан қорғаудың қасиетті борыштардың бірі екенін соғыс және еңбек ардагерінің өмірімен байланыстыра әңгімеледі. Мектеп қамқорлығына алған майдангердің бірі — Дроздецкий Степан Васильевич, 1925 жылы Омск қаласында туылған. Соғыста жараланып, Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданына келіп, еңбек етеді. Кейіннен жары қайтыс болған соң, біздің ауылда, 90 жасында Жеңіс мерекесін тойлауды армандайды. Ал, Пучкин Павел Васильевич Алтай өңірінің тумасы. 1945 жылы туған ауылына аман-есен оралады. Қосағымен 60 жыл отасып келеді.
6 баласы бар. 1980 жылы Талғар ауданына көшіп келген.
Данара АХМЕТБАЕВА, мектеп директорының орынбасары,
Алматы облысы, Талғар ауданы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *