Ерлігі мәңгі өшпейді

Жерлесіміз — Қожабай ЖАЗЫҚОВ 1920 жылы Байғанин ауданының Көктүбек ауданында дүниеге келген. Қарапайым отбасының баласы Ақтөбе педагогикалық училищесін тәмамдайды. Ақтам ауылында бастауыш мектепте сабақ береді. 1942 жылы майданға аттанып, соғысты 1944 жылы Будапеште аяқтайды.
1944 жылы Венгрияның Сентендер қаласының маңында Дунай өзенінен өтіп, жаудың 70 әскерін тұтқынға алған. Олардың арасында фашистің бір рота командирі, үш офицері болған. Қожабай атаға осы ерлігі үшін 1945 жылдың 28 сәуірі күні Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі. Ленин, екі мәрте «Қызыл жұлдыз», және Ш дәрежелі «Даңқ» ордендерімен марапатталған. Соғыстан кейін бар өмірі туған жері үшін тер төгуге арналған. Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай, Қ.Жазықовтың ұрпақтары батыр атындағы шәкірт-ақы тағайындап, «Алтын белгі » иегері Тоғжан Қоңыратбаеваға тапсырды.
Қамажай БЕРМАҒАНБЕТОВА,
тарих пәнінің мұғалімі,
Кемерши ауылы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *