Қаһарманмен кездесу

Халық қаһарманы, Кеңес Одағының батыры НҰРМАҒАМБЕТОВ Сағадат атамен кездескен сәт менің есімнен кетпейді.
Мен кішкентай, 7 жасар едім. Қазір 3 «в» сыныбында оқимын. Ұлы Жеңістің 70 жылдығына байланысты сыныпта, мектепте көптеген шаралар өтіп жатыр. Әр бала өзінің Ұлы Отан соғысына қатысқан арғы атасы жайлы мақтанышпен айтуда. Менің де айтарым бар. Атам Болатхан Бешенұлы және Сағадат батырмен суретке түстік. Балалармен кездескенде, үлкен ата-апаларымыз өзінің балалық, жастық шағы туралы айтады ғой. Сағадат Қожахметұлы да балалық шағы туралы әңгіме айтты. Жастық шағы майдан даласында өткен Сағадат ата жауынгер жолдастары туралы, жауды жеңіп, бейбіт заман орнату үшін қасық қаны қалғанша соғысқаны туралы ұзақ айтты.
1942 жылы әскер қатарына шақырылған. І-Белорус майданында, Солтүстік Кавказ, Украина, Молдавия, Польша, Германия майдандарында жаумен арпалысқан. Пулемет взводын, ротаны, 5-екпінді армияның атқыштар батальонын басқарған. Гитлер қанцеляриясын шабуылдауға қатысқан. 1946 жылы Әскери академияны, 1981 жылы Бас штаб академиясын басқарған. Еліміздің қорғаныс саласын нығайтуға көп күш салған.
Сағадат атаның ерліктері, соғыстан кейінгі әскери өмірге арнаған еңбегі әр ұланға өнеге. Бізге бақытты өмір сыйлау үшін жау қолында ерлікпен қаза болған, туған ауылына келіп ерен еңбек еткен ардагерлерді ұрпақтары жадынан бір сәт шығармайды деп сеніммен айта аламын.
Нұрсұлтан ТҰРСЫНБАЕВ,
№173 мектеп-лицей, Алматы қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *