Жұлдыз-жорамал

Тоқты. Тамыз айы – аяқталмаған жұмыстарыңды бітіруге ыңғайлы кез. Уақытыңның көбін әдеби кітаптар оқуға арна. Айдың соңында жаңа заттар сатып алғың келеді. Бұл ойың да жүзеге асады.

Торпақ. Бұл айда көптен көкейіңде жүрген мақсаттарыңа қол жеткізіп, жағымды жаңалықтар естисің. Сенің еңбекқорлығыңның анық байқалар сәті. Сонымен қатар денсаулығыңа да көңіл бөлгенің жөн.

Егіздер. Жазғы демалысты пайдаланып ата-анаңа көмектесесің. Айдың соңына қарай алыс туыстарыңмен қауышып қаласың. Табиғатқа шығып демалып қайтуға да болады.

Шаян. Күні бойы ойынның қызығына берілмей, демалыс күндерді тиімді пайдаланғаның жөн. Шығармашылықпен айналысуға қолайлы кез, әсіресе сурет салып, бейнелеу өнеріне  құштарлығың артады.

Арыстан. Бұл айда өмірің түрлі жаңалықтар мен қызықтарға толы болады. Үлкен-үлкен жұмыстарды бітіресің. Достарыңның қатары жаңа есімдермен толыға түседі.

Бикеш. Ай бойы көтеріңкі көңіл-күймен жүресің. Достарыңмен сыйлы қарым-қатынас орнатып, әр күнің қуанышқа толы болмақ.  Жақын адамдарыңның сый-құрметіне бөленесің.

Таразы. Таразылар үшін бірқалыпты, жайлы кезең. Айдың соңына қарай күтпеген жерден жақсы жаңалық естіп, қатты қуанасың. Үйдегі үлкендермен жиі-жиі қонақта боласың.

Сарышаян. Уақытыңды бос өткізіп алмай, өзіңе пайдалы істермен шұғылданған жөн. Ескі достарыңмен кездесіп, серуенге шығасың. Қалаған затыңа қол жеткізесің.

Мерген. Жазғы демалысың ойдағыдай өтуде. Тамыз айында да көптеген қызықтарға тап боласың. Ойыңдағы арманың орындалып, көңілің шаттана түспек.

Тауешкі. Тамыз айы тауешкілерге шығармашылық айы болмақ. Көрген-білгендеріңді қағазға түртіп жүр. Демалыс күндерінде басыңнан қызықты оқиғалар өтуі ықтимал.

Суқұйғыш. Айдың басында ата-ана, бауырларыңмен тауға шығып, көңілді демалыс ұйымдастыруларың мүмкін.  Көптен көрмеген ескі таныстарыңды кездестіресің.

Балық. Бұл айда өзіңді есейіп қалғандай сезінесің.  Бауырларыңа көмегіңді тигізесің. Істеген ісіңе орай үлкендерден бата алып, көңілің марқая түспек.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *