Тұмау — жұқпалы ауру

Әйтседе, одан сақтанудың жолдарын үнемі жадымызда сақтай бермейміз. Бала кезден сақ болмаса, осындай салғырттықтың салдарынан адам ағзасының басқа ауруларға төтеп бере алмаушылығына әкеліп соғады. Сондықтан, ата-аналар балалары тұмауға щалдықса, өз бетінше емдемей, бірден дәрігерге қаратқаны жөн.
Соған орай Алматы қаласы “SEMA” госпиталінің педиатр-дәрігері БАТЫРБЕКОВА Күміскүл Тилеуханқызын әңгімеге тартқан едік.

ездері балалар арасында тұмау белең ала бастады. Соған байланысты аяқ астынан бүлдіршіндер мен жасөспірімдердің дене қызуы көтеріліп кетеді. Жоғары температураны басу үшін қандай ем жасауға болады?
– Тұмау — жұқпалы вирустық ауру. Тұмау тиген адам аурудың микробын жөтелгенде, түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға таратады. Сондай-ақ тұмау вирусы науқастың ыдысы, сүлгісі, қол орамалы, кітабы және т.б. арқылы жұғады. Кейде ол асқынып кетіп тыныс жолын, нерв жүйесін, қан тамырды, жүректі ауруға шалдықтырады. Тұмауды қоздыратын вирустар тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді. Мұндай жағдайда дәрігердің бақылауында болып, оңаша, ауасы таза бөлмеде жатып емделу қажет. Ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде аузы-мұрнын қолымен немесе орамалмен (шүберекпен) жабуға тиіс. Науқастың тек өзіне арналған ыдысы, орамалы т.б. болуға, олар жиі қайнатылып, жуылуға тиіс. Тұмау асқынғанда науқасты ауруханаға жатқызып, кешенді емдеу шараларын жүргізеді.
– 6-7 жасар балаларға тез жұғатын тағы бір жұқпалы ауру «энтеровирус» жайлы айтып берсеңіз?
– Бүгінде жұқпалы вирус, әсіресе, балаларды баудай түсіріп, күн сайын өршіп бара жатыр. Аталған вирус ауру адамнан сау адамға түшкіру, жөтел арқылы ауамен жұғады. Мұның соңы асқазан, ішек ауруларын туғызады. Қолды таза сумен жумай тамақ қабылдау арқылы да вирус ішке өтеді. Сондай-ақ, жуылмаған жеміс-жидек, көкөністердің де әсері мол. Оның кесірінен бала құсып, қызуы көтеріліп, көзі жасаурап, басы айналуы мүмкін. Баланың тамаққа тәбеті бәсеңсіп, әлсіздік пайда болады. Мұндай жағдайды байқаған ата-ана баланы дереу дәрігерге апару керек. Ауру асқынып кетпей тұрғанында дәрігерлердің кеңесімен ем алу шарт. Жаз айларында лас көлшіктерге шомылуға қатаң тыйым салынады.
– Аурудың қайталанбауы және басқалар-ға жұқтырмау үшін қалай қорғану керек?
– Аурулардың алдын алуымен бірге, жалпы
денсаулықты нығайтуға бағытталған сақтанды-ру шараларының жүйесі – профилактика.
Ауруды асқындырып алмау үшін және өзге адамдарға жұқтырмау үшін төмендегі ережелерді мұқият орындау қажет:
! Вируспен ауырған адамға тым жақын
тұруға болмайды (1 метр);
! Егер ауырған адаммен сөйлесу керек болса
міндетті түрде маска кию керек;
! Қолды таза сумен жуу, инфекцияға
байланысты бактерияға қарсы
суықтықты пайдалану;
! Түшкірген кезде қолмен немесе
орамалмен жауып түшкіру шарт;
! Бөлменің есік, терезесін ашып, ауасын
үнемі тазартып тұру керек;
! Таза емес қолмен көз, мұрын, ауызды
ұстауға болмайды;
! Қайнаған су ішу қажет.
! Таза ауада жиі серуенге шығу.
– Әңгімеңізге рақмет!
Дәрігермен тілдескен: А.ЕРҚАРАЕВА

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *