Жапырағын жайған бәйтерек

Біз атамызды «Көке» деп атаймыз. Атамның шаңырағы үлкен. 9 немересі, 4 жиені, 2 жиеншары бар. Көкеміз кәсібіне байланысты облыстық, республикалық жарыстарда «Чемпион-түйеші» деген атақты бірнеше рет жеңіп алған танымал малбегі. Алған орден-медальдерінің саны 25 екен. Қазір зейнеткер. Оның ісін Ержан, Бекжан есімді балалары — менің ағаларым жалғастыруда.
Мен көкемнің немересімін. Барлық немерелері мен жиендері Тұмақ атам мен Батима әжемізді мақтанышпен атаймыз. Оларға ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тілеймін.

Олжабек ТҰМАҚ, Абай атындағы ОМ-тің оқушысы,
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы.

ПІКІР ЖАЗУ