Мейірімді отбасы

Сәлеметсіз бе, ең сүйікті журналым «Мөлдір бұлақ»!
Жанұямызбен өте жақсы көреміз. Анам поштадан алып келгенде, бәріміз таласып кетеміз. Анам екеуіміз онда көрсетілген тағамдарды бірігіп дайындаймыз. Бауырларыма ертегі оқып беремін. Өзімнің інім мен екі сіңлім бар. Үйдің үлкені болған соң, маған көп жауапкершілік артылады. Мен оларға жақсы мен жаман туралы айтамын. Сабақ оқытамын, ұйықтар алдында ертегі айтып беремін. Осы істерімді көрген анам: «Сен мектеп бітірген соң, балабақшада тәрбиеші болсаңшы», — дейді.
Мен журналдың ғұмырының ұзақ болуын тілеймін.
Арухан МИХАС,
Ж.Кереев атындағы мектептің oқушысы,
Ақтөбе облысы, Темір ауданы.

ПІКІР ЖАЗУ