Киесі бардай сезінемін

Телефон мен компьютердің арасында өсіп келемін. Оларды үнемі пайдаланғандықтан, бір күні әбден жалықтым. Күндіз түгілі түнде қасыма қойып ұйықтайтын дүниелерімді көргім келмейтін жағдайға жеттім. Сабақ оқисың, үй тапсырмасын1-2 сағатта орындап тастаймын. Үйде шаруасына көмектесемін. Есік алдына шықсақ, өзіңмен сөйлесіп, доп қуатын, жүгіріп, асыр салып ойнайтын бір баланы таппайсың. Бәрі мен сияқты үйіндегі техникаға телміріп отырады. Әкем Алматыға барғанда, редакцияға арнайы жолығыпты. Оқушыларға деп журналистер бір құшақ журнал сыйлапты. Журналдың маған ұнағаны соншалық, әр нөмірін сөмкеме салып, арқалап жүремін.
Оның киесі бардай сезінемін.
Нұрсұлтан Төлебай,
Жамбыл облысы.

ПІКІР ЖАЗУ