Біз — Тәуелсіз елдің ұрпағымыз!

Жаңа жыл күліп қарайды

Аялдап сәл-сәл күт, уақыт,
Қарсы алам жылды жырменен.
Ағылар үйге құт, бақыт,
Келетін жаңа жылменен!

Бұл жылда намыс ту алсын,
Туылсын елде сан алып.
Адамның бәрі қуансын,
Естиік жақсы жаңалық.

Бұл жылы шырқар жыр, әннен,
Әр үйге ырыс тарайды.
Ескі жыл қимай тұрғанмен,
Жаңа жыл күліп қарайды.

Шаттанып жатыр бай өлке,
Аппақ қарменен жаңарып.
Толықсып тұрса ай ерке,
Сырғанақ жаққа баралық.

Қырандай көкте самғаймыз,
Күтіп ек жылды кеше біз.
Жылдарға жылды жалғаймыз,
Бір жасқа тағы өсеміз.

Байлықтарымыз біздердің —
Әкеміз бенен анамыз.
Бақытқа толы ізгі елдің,
Жұлдызы болып жанамыз!

Саят Қамшыгер, ақын

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *