“Шырша” салаты

Құрамы: 2 қызылша; 1 сәбіз; 5 картоп; көк пияз; шабақ балық (селедка); майонез. Сәндеу үшін: аскөк; консервіленген жүгері; анар; жұмыртқа.
Дайындау тәсілі: Қызылша, сәбіз, картопты суға пісіріп, суытып, қабығынан аршып, үккіштен шығарамыз. Шабақ балықты қылтанақтарынан ажыратып, майдалап тураймыз. Әдемі, жалпақ табаққа қабат-қабатымен шырша тәріздеп тізіп шығамыз. Арасына майонез жағамыз. Картоп, шабақ балық, сәбіз, қызылша. Шыршаның бетін аскөкпен жауып, жоғарыға сәбізден жасалған бес жұлдызды қоямыз. Жүгері және анарды пайдалана отырып, шыршаның гүл тізбегін жасаймыз. Ал, жұмыртқаның сарысын майда үккіштен шығарып бетіне себеміз. Шырша салаты дайын.
Ас дәмді болсын!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *