Дастарқан басында нені қалай жеу керек?

Компотты əдетте арнаулы табаққа, бокалға немесе стақанға құйып береді. Егер тəтті тағамға арналған қасық үстелге алдын ала қойылмаған болса, оны компотпен бірге шайтабаққа салып əкеледі. Жеміс сүйектерін қайтадан компотқа салмау керек. Оларды ерінмен қысып, қасыққа, ал одан соң шайтабаққа немесе арнаулы ыдысқа салады. Компот ішкенде оны құйған табақшаны немесе стақанды сол қолмен ұстап отыруға болады. Оны сорпа құйған тарелка сияқты қисайтпайды.
Тортты, бəлішті жəне тəтті тоқашты дастарқанға кесіп əкеледі. Кесілген бөліктерін өз тарелкасына қалақшамен, қысқашпен немесе үлкен шанышқымен салып алады.
Тəтті тоқашты арнаулы шанышқымен немесе шай қасықпен жейді. Ұсақталуы оңай қатты тəтті тоқашты қолмен жеуге болады. Қағазға оралған тəтті тоқашты тарелкаға оралған күйінде салып, содан жейді.
Тəтті тоқашты, ұсақ бауырсақтарды, куличті жəне тістегенде үгітіліп кететін басқа да тағамдарды кішкене етіп қолмен сындырып алады. Крем немесе тосап салып пісірілген бөлкені, кофе бөлкесін қолға ұстап, тістеп жейді.
Печеньені кішкене етіп сындырып жейді. Өте майлы жұмсақ печеньені тəтті тоқашқа арналған шанышқымен жейді.
Конфетті қолмен алады. Мерекелік
дастарқанға отырғанда конфетті əуелі өз тарелкасына салып, соның ішіне қолмен аршиды.
Мармеладты, тосапты немесе
балды оларға қосып əкелінген қасықпен алып, өз тарелкасына немесе табақшаға салады. Содан соң оларды өз пышағымен қара немесе
ақ нанға жағады, немесе өз қасығымен шайға салады.
Дайындаған:
Мадина ЖАҚЫПБЕКОВА.
Қарағанды облысы,
Қарқаралы ауданы,
Бесоба ауылы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *